Created: 22 Сәуiр 2026
14

Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы Алматы қаласында «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы Алматы қаласында «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция денсаулық сақтау ісінің, білім беру жүйесі мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қауымдастығымен (ҚМПА) ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында «Жастар және отбасы денсаулығы орталығы» бөлімшесі белсенділік танытып, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау саласындағы бастамалары мен жұмыс тәсілдерін ұсынды. «Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау» тақырыбына Алматы қаласының Жастар денсаулығы орталықтарының қызметі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі үйлестірушісі, бөлімше меңгерушісі Абдыкадырова Аякөз Дәулетханқызы баяндама жасады. Өз сөзінде ол жастармен жұмыс істеудің негізгі бағыттарына, профилактиканың маңыздылығына, қызметтердің қолжетімділігіне және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мәселелерін атап өтті. Мұндай халықаралық алаңдарға қатысу тәжірибе алмасуға, үздік практикаларды енгізуге және өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселелеріндегі ведомствоаралық іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік бермек.