Created: 30 Наурыз 2026
11

Отбасын жоспарлау мәселелері бойынша акушер-гинекологтарға арналған дөңгелек үстел

Алматы қаласында акушер-гинекологтарға арналған отбасын жоспарлау және халықтың репродуктивті денсаулығын нығайту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны отбасын жоспарлау бойынша бас штаттан тыс маман Авкубаева Г.А. жүргізді. Кездесу барысында пациенттерге контрацепция мәселелері бойынша кеңес беру, жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу, сондай-ақ отбасын жоспарлау қызметтерін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері талқыланды.

Қатысушылар жұмыс барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және репродуктивті денсаулық саласында көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірледі.

Осындай кездесулер мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және отбасын жоспарлау жүйесінің тиімді дамуына ықпал етеді.