18 февраля 2019
31

Мамандықтар

Есеп және аудит – 0518000



Есеп және аудит – заңды тұлғалардың қорларымен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттаумен түгелдеу есепшоттар мен екі жақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару байланыспен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
Қазақстанда бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне сәйкес. Бухгалтерлік стандарт – есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.
Аудит
Аудит ( лат. audit) – кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктер мен акционерлік қоғамдардың, қаржылық-шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау.
Экономикалық субъектілердің бухгалтерлік (қаржылық) есебін төлеу-есептесу құжаттамаларын, салық деклорациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерін, сонымен қатар қаржылық есепті жасау бойынша, бухгалтерлік есепті жүргізу және есепке қою бойынша ұсыныстарды жасайтын, активтер мен пассивтерге бағалау жасап, сондай-ақ қаржылық, салықтық, банкілік және басқада шаруашылық заңнамалар негізінде тәуелсіз түрде ведомстводан тыс шарттық негізінде жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтін аудиториялардың (аудиторлық ұйымдардың) кәсіпкерлік қызмет түрі. Бұдан басқа, аудитор кәсіпорынға олардың салық органдары мен төрелік соттарда мүдделерін қорғау бойынша көмек көрсетуі мүмкін.
Аудитор – аудиториялық ұйымның қызметкері. Біліктілік комиссиясы аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға. Аудитор бір аудиториялық ұйымға ғана қатысушы бола алады. 
Аудиториялық ұйым 
Шарттық негізде кәсіпорындармен жылдық бухгалтерлік есепті қуаттау мен тексеруді жүзеге асыратын тәуелсіз бақылаушы-ревизиялық ұйым. Тексеру барысында аудиторлық фирма: бухгалтерлік есептің жағдайын және оның ұсынылатын талаптарға сәйкес болуын, қаржылық-шаруашылық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаларды құрылтайшылық және басқа құжаттардың ережелерін, бухгалтерлік есеп мәліметтерінің нақты жағдайға сәйкес келуін сақтауға бақылау жасап, төлеу-есептесу құжаттамалары салық деклорациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерді текскруді жүзеге асырады.


Маркетинг – 0513000



Маркетинг (ағылшын. Marketing – нарық, өткізу, сауда) – бұл кәсіпорындарының (фирманың, бірлестіктің т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен нарықта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады.
Маркетинг – сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологияларды және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Маркетинг – тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алу мен айырбас, тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтық (адамдардың, фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.
Маркетинг делдалдары
Компанияның өз тауарларын тұтынушыларға жеткізуіне, өткізуіне және олардың арасына таратуына көмектесетін фирмалар. Оларға сауда делдалдары, маркетингілік қызметтер көрсететін агенттіктер мен несие-қаржы мекемелері жатады.
Кәсіпорынның (фирманың, кәсіпкердің, т.б.) сұранымды, бағаны, жарнаманы пайдалануға, өндірісті ынталандыруға, сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне белсенді ықпал жасайтын қызмет көрсетудің техникалық түрлерімен басқа да түрлерін қолдануды жан-жақты зерделеу мен болжауға байланысты қызметі. Кәсіпорын өнімнің (тауардың, бұйымның) нақты түріне және оны тұтынушыларға, баса назараударады. Мысалы, тұтыну тауарлары үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін жарнаманың маңызы зор, ал өндірістік мақсаттағы өнім үшін жөндеу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға, қосалқы бөлшектермен жабдықтауға баса мән беріледі.


Менеджмент – 0515000



Менеджмент (ағылшынша manage – басқару, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. «Менеджмент» ұйымының мәні мен мазмұны «басқару» түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау, шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары, нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Нарықтық экономика менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең оңтайлысын жүзеге асыру көзделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы байланыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің, өкіліне – менеджерлерге көшеді. Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметтерін ұйымдастыратын жалдамалы жұмысшылар аталады.
Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара әсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.
Мотивациялау
Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес, психологиялық аспект орын алады.
Бақылау
Бақылауға Жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметтеріне түзету енгізу жатады.
Менеджмент құрылымы 
Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:
- өндірістік менеджмент;
- қаржы менеджменті;
- нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе маркетинг.



Аударма ісі - 0512000



Шет тілдермен қызығатын және адамдармен жұмыс істегісі келетін, жас жігіттер мен қыздар үшін мамандық;
Шет тілдерін меңгерген, басқа мамандардан гөрі артықшылдықты қамтамасыз ететін мамандық.
Біздің колледж оқытуда қазіргі заман компьютерлік технологияларды және білім берудің инновациялық әдістерін қолданады. 
Оқыту мерзімі: Негізгі орта білім негізінде. – 2 жыл 10 ай. 
«Аударма ісі» мамандығы бойынша түлектер кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
- жұмыс орнын ұйымдастыру;
- шетел тілімен байланысты түрлі құжаттармен жұмысты ұйымдластыру барысында басшылық талаптарын орындау;
- шетелдіктермен синхрондық-вербалдық коммуникацияны іске асыру;
- сөзбе-сөз, ерікті, аналитикалық, суреттемелі, барабарлық және синхромды аудару;
- аударма қызметінің технологиясында қарастырылған жұмыстың барлық түрлерін орындау.

Түлектің біліктілігі 0512013 «Аудармашы».Түлектің кәсіби қызметінің объектілері:
- мәдениет мекемесі; түрлі ақпараттық-аналитикалық қызмет; баспалар, ауысу бойынша бюро, кәсіпорын, өндірістік, ауылшаруашылық, медициналық, әскери агенстволар, шетелдік компаниялардың елшіліктері мен үкіметтері;
- шетелдік келушілерге қызмет көрсету, түрлі құжаттарды даярлау, оргтехника жұмысы;